Күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымына байланысты 16 қылмыстық іс қозғалды

Фото: unsplash
30 наурыз бен 3 сәуір аралығында елде есірткі және психотроптық заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған "Дәрмек" операциясының бірінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шара қорытындысы бойынша:

Тексеру барысында өңірлерде нақты заңбұзушылық фактілері тоқтатылды.

Мәселен, Алматыда төрт дәріхананың фармацевтеріне қатысты күшті әсер ететін заттарды рецептісіз сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ақтөбеде ірі фармацевтикалық компаниялардың біріне қатысты құрамында есірткі бар дәрілік заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. 400 мың мұндай препарат тәркіленді.

Түркістан облысында заңды тұлғалардың бірі 100 тонна күкірт қышқылын арнайы күзетсіз тасымалдағаны анықталды.

Абай облысында жалпы салмағы 680 тонна болатын он бір вагонда прекурсорларды тасымалдау қағидаларын бұзу фактісі анықталды.

Ішкі істер министрлігі ескертеді: күшті әсер ететін дәрілік заттардың заңсыз айналымы, сондай-ақ прекурсорларды сақтау, тасымалдау және өткізу қағидаларын бұзу қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді және заңға сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

Бұған дейін Ақмола облысындағы мұғалім бір қоңыраудан кейін 20 млн теңгеден айырылғаны туралы жазған едік.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бас прокуратура инвестордың уәжінен кейін Шымкент полициясының үстінен тергеу бастады

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Қытай көлігін сатып алушылардың шоттары жаппай бұғатталып жатқаны рас па - МКК жауабы

Мемлекет басшысы Мәдениет және өнер қызметкерлеріне жүгінді

Танымал бренд жеке алтын құймаларын шығарды