Қазақстанда зейнетақы жинақтарының минималды жеткіліктілік шегі қайта қаралады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Үкіметі міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережелеріне, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының минималды жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесіне түзетулер енгізетін жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары және тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе емделу шығындарын өтеу мақсатында біржолғы төлемдерді жүзеге асыру ережелеріне енгізілмек.

Сондай-ақ, олар біртұтас жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты қайтару, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесін жетілдіру, орташа айлық табысты зейнетақы төлемдерімен ауыстыру коэффициентін анықтау, және минималды жеткіліктілік шегін есептеу механизмін дамытуға бағытталған.

Жобаның мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төленетін зейнетақы көлемін арттыру және зейнетақы жинақтарының минималды жеткіліктілік шегін анықтау механизмін жетілдіру.

Атап айтқанда, жоба зейнетақы жинақтарының минималды жеткіліктілік шегінің параметрлерін қайта қарауды көздейді. Бұл азаматтардың зейнетақы кірістерін тұрақты және теңгерімді қалыптастыруға, сондай-ақ өмір бойы төленетін зейнетақы аннуитетінің құны негізінде қамтамасыз етуге бағытталған.

Құжат "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға қойылған.

Қазақстан
БЖЗҚ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі