Бектенов мемлекеттік органдарға Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды

Фото: akorda.kz
2026 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Үкіметінің отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жоспар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр Конституцияның барлық жаңалықтары бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, оған сарапшылар мен қоғамдық белсенділер қатысып жатқанын атап өтті.

"Білім беру, ғылым және жоғары оқу орындары министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға арналған кешенді бағдарламаны уақытылы әзірлеуді, сондай-ақ Конституцияның баптарын мектептер, колледждер мен университеттердің типтік оқу бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етуі тиіс", – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар ол қолданыстағы заңнаманы кешенді талдап, жаңа Конституция баптарын ескере отырып заңдар мен бағдарламалық құжаттарды өзектілендіруді тапсырды.

2026 жылғы 18 наурызда "Қазақстанская правда" газетінің сайтында Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні ресми түрде жарияланған.

Қазақстан
Астана
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Ерұланұлы финалға шықты

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды