Қазақстанда жыл соңына дейін 10 көмір кен орны бойынша аукцион өткізіледі

Сурет: primeminister.kz
2026 жылғы 7 сәуірде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында көмір саласына инвестиция тарту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылы келісімшарттар аясындағы жұмыс бағдарламаларына сәйкес көмір өнеркәсібіне 305 млрд теңге инвестиция салынған. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш шамамен 553,5 млрд теңгеге жетеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейін көмір кен орындары бойынша шамамен 10 жер қойнауы учаскесіне недропайдалану құқығын беру үшін аукцион өткізу жоспарланып отыр.

"Айта кету керек, көмір өнеркәсібінде шамамен 32 мың адам жұмыс істейді. Бұл саланың тұрақты дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Сонымен қатар министрлік көмір саласындағы геологиялық барлау жұмыстарына ерекше назар аударып отыр, – деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Қазақстанда кокс пен карбамид өндіретін үш жаңа зауыт салу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Ақтауда кәсіпкер ісін дөңгелету үшін мемлекеттен алған 117 млн теңге субсидияны депозитте сақтаған

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе