10 сәуірде қай өңірлерде найзағай ойнап, қар жауып, көктайғақ болады

Фото: unsplash
2026 жылғы 10 сәуір, жұма күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсуі мүмкін. Батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста кей жерде нөсер жаңбыр жауады", – делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Кейбір өңірде екпіні күшті жел соғып, бұршақ түсуі ықтимал, ал солтүстікте көктайғақ болады.

Ал Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстік, батыс және оңтүстік аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін