Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді – Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімін жариялады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енгеннен кейін Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойылады.

"Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімнің алдын ала жариялануы партияларға сайлауға дайындалуға жеткілікті уақыт беру мақсатында жасалып отырғанын атап өтті.

Президенттің сөзінше, саяси партияларға сайлау науқанына дайындық жүргізу және сайлаушылармен жұмыс істеу үшін шамамен бес ай уақыт беріледі.

Мемлекет басшысы Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесін түбегейлі жаңғыртуға жол ашатынын айтты.

"Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін жаппай қайта құруға жол ашады", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар Президент жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың қоғам санасының оң өзгеруіне ықпал етуі тиіс екенін атап өтті.

Қазақстан
Құрылтай
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін