Тоқаев: Құқықтық нигилизмге жол жоқ – заң мен тәртіп үстем болуы тиіс

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарын дәріптеудің маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, ғалымдар өркениет құндылықтарын насихаттап, қоғамға үлгі болатын маңызды күшке ие.

"Осы күрделі үдерісте ғалымдар ерекше рөл атқарады. Өйткені олар өркениет құндылықтарын дәріптеп, санаткерлік және моральдық қасиеттерімен көпке үлгі көрсетеді", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев нағыз ғалымдардың әрдайым ағартушылық пен білім жолында алдыңғы шепте жүретінін атап өтті.

Президент әл-Фарабидің "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы" деген сөзін мысалға келтіріп, гуманизм, әділдік және жауапкершілік құндылықтарының маңызын ерекше атады.

"Сондықтан өскелең ұрпақты адамгершілікке және заңды құрметтеуге тәрбиелегенде ғана шынайы өркендеуге бет аламыз", – деді ол.

Мемлекет басшысы қоғамда деструктивті көзқарастар мен жат дүниетанымға жол бермеу қажеттігін де ескертті.

Сонымен қатар Президент елдегі тұрақтылық пен бірлікті бұзуға бағытталған әрекеттерге заң аясында қатаң тосқауыл қойылатынын айтты.

"Конституцияда жазылғандай, елімізде заң мен тәртіп үстемдік құруы керек", – деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық нигилизмге жол берілмейтінін және қоғамның таңдауы – заңға бағынатын парасатты орта екенін атап өтті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті