Тоқаев боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын бокстан Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатындағы табысты өнерімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент қазақстандық спортшылардың жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленіп, отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін дәлелдегенін атап өтті.

Құттықтау жеделхатында жеңіс тұғырына көтерілген Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Надежда Рябец және Дина Исламбекова сынды спортшылардың ортақ табысқа қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне алдағы халықаралық жарыстарда да жоғары нәтижелерге жетіп, ел намысын абыроймен қорғай беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстан
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды