Қайғылы оқиғаға ұласқан көлік ұрлығы: Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Өскеменде екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2026 жылғы 10 сәуірде 35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін ұрлап, Малдыбаев көшесімен Аблакетка жағынан қала бағытына қарай жүрген. Бір сәтте ол қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан Mercedes көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Mercedes автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта тергеушілер қажетті іс-шараларды жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырды.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды