Ақтауда қант диабетіне шалдыққандардың денсаулығы нашарлай бастаған

Фото: Zakon.kz
Ақтауда қант диабетіне шалдыққан кейбір науқастар тегін дәріден қағылып қалды.

Шамамен 20 адам аталған дертпен күресу үшін көп жылдан бері "Трулисити" препаратын қолданып келген. Алайда биылдан бастап бұл дәрі-дәрмек тегін берілетін препараттар тізімінен алынып қалды, деп жазады qazaqstan.tv.

Соның салдарынан науқастардың қан құрамындағы қант деңгейі күрт көтеріліп, денсауығы нашарлай бастаған. Ал дәріні өз қаражатына алайын десе, дәріханаларда сатылмайды.

Шетелден алдыру қымбат. Сондықтан олар "Трулисити" препаратын қайтаруды сұрайды. Бірақ денсаулық сақтау басқармасы бұл дәрінің диабетті емдейтін препараттар қатарына кірмейтінін айтады.

"Бұл препарат әрқашан қосымша ем ретінде қолданылып келген. Қазіргі таңда тиісті бұйрыққа сәйкес, бізде қант диабетін емдеуге арналған 9 препарат және 7 түрлі инсулин бар. Науқастарға "Трулиситиге" балама препаратқа көшуге кеңес береміз." Жанар Төлебаева, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша бас маманы
Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды