Оңтүстік Қазақстанда полицейлер жоғалған бір үйір жылқыны тауып берді

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында полиция аудан тұрғынының жоғалған 24 жылқысын тауып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің мәліметінше, 2026 жылдың 9 сәуірінен 10 сәуірге қараған түні Жамбыл ауданы аумағында аудан тұрғынына тиесілі жылқылар жайылымда қараусыз қалып, жоғалып кеткен. Аталған дерек бойынша тез арада полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, барлық қажетті күштер мен құралдар жұмылдырды.

"Жүргізілген кешенді жұмыстардың нәтижесінде Т.Рысқұлов ауданына қарасты тау бөктерінен жоғалған 24 бас жылқы бір тәулікке жетпей табылып, иесіне қайтарылды. Полицейлердің кәсіби іс-қимылының арқасында малдың ұрланып кетуіне жол берілмеді",- делінген ақпаратта.

Өз кезегінде, азамат полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен жауапкершілігі үшін шынайы алғысын білдірді.

Бұған дейін Оралда екі көлік өртеніп, жасөспірім күйік алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді