Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ірі көлемде қаржы жымқыру деректері бойынша күдікті ретінде танылған.
"Тергеу амалдарына сай, А.А. Капенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған. Салдарынан "ҚазТемірТранс" АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген",- деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі уақытта Капеновке халықаралық іздеу жарияланған. Сот санкциясымен оған "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
"Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы "Достық" станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолдаған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының қаулысымен аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді".ҚР ҚМА
Тергеу жалғасуда.
Агенттік мүлікті тәркілеу Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруға ықпал ететіндігін атап өтті.
Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталғанын жазғанбыз.