Халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 19:28 Сурет: ҚР ІІМ
ҚР ІІМ Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қайсар Қамзаны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция таратқан ақпаратқа сүйенсек, блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желілерде онлайн-казинолардың жарнамалық бейнематериалдарын жүйелі түрде жариялап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан.

"Заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған".ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

ІІМ-де атап өткендей, шетелге жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды – іздеуде жүрген әрбір адам ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт еншісіндегі мәселе.

Бұған дейін аса ірі көлемде сеніп тапсырылған қаражатты ысырап ету арқылы жымқыру фактісі бойынша күдікті ретінде танылған азаматтың Грузияда ұсталып, елге қайтарылғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: