ШҚО-да далада жалғыз қалған екі жасар бала құтқарылды

Сурет: polisia.kz
Тарбағатай ауданында тәртіп сақшылары көшеде үлкендердің қарауынсыз жүрген бүлдіршінді байқап, аман-есен үйіне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін сағат 11:00 шамасында Ақжар ауылында учаскелік полиция инспекторы Диас Жумадилов пен патрульдік полиция полиция инспекторы Нұрасыл Қабылқақов далада жалғыз жүрген екі жасар баланы байқаған.

Күннің салқындығына қарамастан, кішкентай бүлдіршін үстінде жеңіл футболкасымен, жалаң аяқ жүрген. Бала табылған жердің дәл қасында ашық әжетхананың болуы жағдайды одан сайын қауіпті ете түскен.

Тәртіп сақшылары баланы бірден көлікке отырғызып, жылытып, ата-анасын іздеуге кіріскен. Олар мессенджерлер арқылы хабарлама таратып, маңайдағы үйлерді түгел аралап шыққан.

Көп ұзамай бір сағат ішінде ұлын іздеп жүрген баланың әкесі де табылды. Белгілі болғандай, үйдегілер байқамай қалған сәтте бала есіктен шығып кеткен екен.

Полицейлердің дер кезінде көмекке келуінің арқасында бала аман-есен әкесіне табысталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды