Қарағандыда зейнеткерлерді ақшасыз қалдырған күдікті қолға түсті

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 50 жастағы күдіктіні әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол қоғамның ең осал санаты – зейнеткерлерге қарсы жасалған бірнеше ұрлыққа қатысы бар. Күдікті алдын ала ойластырылған схема бойынша түрлі сылтаулармен қарттардың пәтеріне кірген. Сеніміне кіріп, жинаған ақшаларының қайда сақталғанын білген соң, ыңғайлы сәтті пайдаланып, қаражатты ұрлап, "ізін суытқан". Соның салдарынан жәбірленушілер күнкөріс қаражатынан айырылған.

Полицияға 83 жастағы қарағандылық әйел жүгінді. Алданған зейнеткер күдіктінің сыртқы келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген, бұл полицейлер үшін маңызды дерек болды. Оның көрсетулері жедел-іздестіру шараларын жүргізуге негіз болды.

Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көп ұзамай күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Тергеу барысында ер адам 83 жастағы әйелдің ақшасын ұрлағанын мойындап қана қоймай, тағы бір ұқсас қылмыс жасағанын да растады. Жәбірленушілердің оны тануы тергеу дәлелдерін күшейтті.

Қазіргі уақытта қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу және жедел шаралар жалғасуда. Полиция күдіктінің бұған дейін зейнеткерлерге қатысты жасалған басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын мұқият тексеріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстанда скринингтің жаңа түрі енгізіледі: кімдер және қандай тексеруден өтеді

Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Маңғыстаудың жерасты мешіттері: Қарин ЮНЕСКО номинациясына қалай дайындалғанымызды айтып берді

Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты