Қазақстанда сенімді жасанды интеллект жүйелерінің тізімдері қалыптастырылады

Фото: pixabay
Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығымен жоғары тәуекел деңгейіндегі сенімді жасанды интеллект жүйелерінің тізімдерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидалары бекітілді.

Жоғары тәуекел деңгейіндегі сенімді жасанды интеллект жүйелерінің тізімдері салалық мемлекеттік органдар тарапынан қалыптастырылады. Бұл тізімдер жасанды интеллект жүйелеріне деген сенімді арттыруға және оларды қолданудағы үздік тәжірибелерді таратуға бағытталған. Тізімдер тұрақты түрде мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланып отырады.

Тізімге енгізу үшін жүйенің иесі немесе құқық иеленушісі тиісті салалық мемлекеттік органға өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылуы тиіс:

Салалық мемлекеттік орган өтініш пен құжаттарды олар түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте өтініштің толық толтырылуы, жүйенің атауы, мақсаты, қолдану саласы, функционалы мен пайдалану шарттары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың толықтығы тексеріледі.

Құжаттар талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган жүйені тізімге енгізіп, 5 жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста жариялайды.

Ақпарат мемлекеттік органның ресми сайтында ашық түрде орналастырылады және тізіммен танысуға әрі жүктеп алуға мүмкіндік беріледі. Тізім жаңартылған жағдайда оның жаңа редакциясы жарияланады.

Егер құжаттар талапқа сай келмесе, өтініш берушіге тиісті хабарлама жіберіледі. Кемшіліктер түзетілгеннен кейін өтініш қайта қаралып, 5 жұмыс күні ішінде шешім қабылданады.

Бұйрық 2026 жылғы 26 сәуірден бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі