ШҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды

Сурет: polisia.kz
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында бопсалаудың 14 дерегі тіркелді. Оның 9-ы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталығында тағы бір қылмыстың жолы кесілді. 26 жастағы азамат танысынан "заң аясында туындаған мәселелерді шешіп беремін" деген сылтаумен 200 мың теңге көлемінде ақша талап еткен.

Жәбірленуші көрсетілген соманы уақытылы бере алмағандықтан, күдікті талап етілетін қаржыны 400 мың теңгеге дейін ұлғайтып, қоқан-лоққы жасау арқылы қысым көрсетуді жалғастырған.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін аталған дерек бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастырылып, ақшаның бір бөлігін беру кезінде бақылау жүргізілді.

Нәтижесінде күдікті ақшаны алу сәтінде ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұсталды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің автокөлігі мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, ақшалай қаражат пен суық қару санатына жататын кастет тәркіленді.

Күдіктіге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды