Еңбек министрлігі зейнетақы жинағы бойынша кеңес берді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан азаматтары зейнетақыға қаражат жинауды еңбек қызметін бастаған сәттен-ақ қолға алуы тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, лайықты зейнетақы алу үшін жинақты ерте бастан қалыптастыру маңызды.

"Азамат еңбек жолын бастаған сәттен бастап-ақ зейнетақы туралы ойлануы керек. Мысалы, егер адам 22 жасында жұмысқа кіріссе, сол кезден бастап жинақ жасауы қажет. Яғни бірінші жұмыс күнінен бастап қаражат жинауды бастаған дұрыс", – деді Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 20–35 жас аралығындағы жастардың зейнетақы жинағы жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының деректеріне сәйкес, шамамен 4 миллион азаматтың жинағы 500 мың теңгеден аспайды.

Министр бұл көрсеткіштің төмен екенін атап өтіп, жастарды ерте кезеңнен бастап тұрақты жинақ жасауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Асқарбек Ертаев жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімін қысқарту жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты