Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтердің дайындығы күшейтілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жауын-шашын мен найзағайға байланысты коммуналдық қызмет жоғары дайындық режиміне көшірілді. Бұл жөнінде қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, 23 сәуір күні сағат 15:00-ден бастап жауын-шашын түседі, ал 17:00-ден кейін кей тұстарда нөсер жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

24 сәуірде де жаңбыр, кей жерде нөсер жауын жауып, найзағай ойнайды. Ал 25 сәуірде күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Су басу қаупінің алдын алу және оларды жедел жою мақсатында қалалық қызмет тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Атап айтқанда:

Сонымен қатар Алматы қаласының Құтқару қызметі мен Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері де күшейтілген кезекшілік атқаруда. Жалпы қала бойынша тәулігіне 2,7 мыңнан астам жол қызметкері мен 1,2 мыңнан астам техника жұмылдырылған.

Жұмыс тәулік бойы тоқтамайды. Барлық қызмет ауа райының өзгерістеріне жедел әрекет етуге және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек министрі: Жеткіліктілік шектерінің жаңартылуы азаматтардың болашақ төлемдерін қорғауға бағытталған

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

ІІМ дабыл қағуда: желіде балаларға арналған шабуыл өршуде

Алматыда жылтырға оралған ер адамның денесі табылды

Әскердегі әскери-медициналық қамтамасыз ету ережелері өзгерді