Атыраудың он жасар тұрғыны бір жылда 60-тан астам кітап оқыған

Сурет: Атырау облысы әкімдігі
Атыраудағы "Кітап FEST" фестивалі өңірдің мәдени өміріндегі айшықты оқиғаның біріне айналды. Бұл фестиваль алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат – оқу мәдениетін насихаттап, қоғамның кітапқа деген қызығушылығын арттыру, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, кітапсүйер белсенді оқырмандарды атап өтті.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Марапатталғандар қатарында 110-нан астам кітап оқыған Мұхамбетәлиевтер отбасы бар. Олар "Оқырман отбасы" номинациясын иеленді. Ал бос уақытта кітап оқуды дәстүрге айналдырған Исағалиевтер "Ең көп оқитын отбасы" атанды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Жас оқырмандарға да айрықша назар аударылды. Үшінші сынып оқушысы Иманәлі Самиғолла бір жылда 60-тан астам кітап оқып, "Ең жас оқырман – 2026" номинациясына ие болды. 

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Ал 18 жастағы Фатима Мұқанова 155 кітап оқып, "Үздік кітапқұмар – 2026" атанды. Үздік оқырмандар қатарында Айя Әжіғалиева мен 7 жасар Әли Мұхамбет те бар. Ол "Бүлдіршін оқырман – 2026" номинациясымен марапатталды.

Атыраулық Есжан Ақсеріковтің кітапқа құштарлығы да көпке үлгі болардай. Жасы 87-ге таяған ақсақал осы күнге дейін 450 кітап оқыған. Қария тарихи және көркем әдебиеттерді қош көреді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Ал Жасұлан Тұрашев – 2024 жылдан бері Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы бөлімінің тұрақты оқырманы. Ол Брайль қарпімен және аудиоформатта 150 кітап оқыған.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Фестиваль аясында марапатталған белсенді оқырмандар қатарында Төлеген Жаңабай, Аяла Жауылбай, Аягөз Шарухан, Лаура Дулатқызы, Гүлсана Бағытжанова, Орынхан Қанатбайқызы да бар. Марапат иелеріне Президент Әкімшілігі ұсынған "Мен оқыған 10 кітап" акциясы аясында кітап дүкендерінен таңдаған 10 кітапты алуға сертификат табысталды.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев