Жанәбілов пен Төлегенованың қандай мүлкі тәркіленеді

Фото: Zakon.kz
Судья Әділбек Баймаханов 2026 жылғы 27 сәуірде Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша үкімді жариялау кезінде мүлікті тәркілеу және жәбірленушілерге өтемақы қорының пайдасына міндетті төлем өндіру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Судья үкімді жариялау барысында мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеуді шешті.

"Hyundai Elantra маркалы сегіз автокөлік және 128 ГБ жады бар iPhone 16 маркалы 17 ұялы телефон тәркіленсін. Lamborghini Urus және Lexus LX600 маркалы автокөліктерге салынған тыйым алынып тасталсын және үкім заңды күшіне енгеннен кейін бұл көліктер иелеріне қайтарылсын", – деді Әділбек Баймаханов.

Сонымен қатар сот Жанәбілов Ерболат Нұрлыбекұлы мен Төлегенова Эльмира Даниярқызының әрқайсысынан жәбірленушілерге өтемақы қорына 20 АЕК мөлшерінде, яғни 78 640 теңгеден мәжбүрлі төлем өндіру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Жанәбілов пен Төлегенова ісі бойынша сот үкімі жарияланғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Тоқаев пен Ердоған келіссөз жүргізді