Ақтауда жалған қызмет жарнамасы арқылы алаяқтық жасалған

Фото: pixabay
Ақтау қаласында интернет-ресурстар арқылы жасалған алаяқтық фактісі анықталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 6 тамызда күдікті тұлға интернет-сайттардың бірінде қызмет көрсету туралы жалған хабарландыру жариялап, азаматтармен байланыс орнатқан. Ол пайдаланушылардың сенімін теріс пайдаланып, оларды алдау арқылы қаражаттарын өзінің банк шотына аудартқан.

Нәтижесінде бірқатар азаматтарға материалдық шығын келтірілген. Зардап шеккендер құқық қорғау органдарына арызданған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында бірнеше жәбірленуші анықталып, олардың интернет арқылы ұсынылған қызметке сеніп, көрсетілген шоттарға ақша аударғаны белгілі болды.

8 сәуірде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды интернет арқылы қызметтерді пайдалану кезінде сақ болуға, күмәнді хабарландыруларға сенбеуге және алдын ала тексерусіз ақша аудармауға шақырады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды