ЖИ енгізу: еңбек нарығында қайта құрылымдау күтіледі

Фото: freepik
2026 жылғы 28 сәуірде Үкіметтегі брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму жөніндегі бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин жасанды интеллекттің (ЖИ) кеңінен енгізілуіне байланысты жұмыссыздықтың арту қаупіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр нақты статистикалық мәліметтерді келтіре алмады. Оның айтуынша, бұл бағыттағы талдауды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр.

"Өкінішке қарай, уәкілетті тұлға ретінде нақты деректерге сүйенбей, қандай да бір болжам айта алмаймын. Қазіргі таңда қолымда нақты цифрлар жоқ. Дегенмен, кейбір адамдардың жұмысын өзгертуі мүмкін екенін ескерсек, біз жасанды интеллект құралдары мен цифрлық әзірлемелер бойынша жаппай оқыту бағдарламаларын іске қосып жатырмыз. Сонымен қатар, кадрларды қайта даярлауға бағытталған Халықаралық жасанды интеллект орталығы жұмыс істейді", – деді Ростислав Коняшкин.

Оның пікірінше, бұл үрдіс еңбек нарығына айтарлықтай кері әсер етпейді.

"Жалпы алғанда, бұл жағдай еңбек нарығына үлкен соққы болмайды деп есептейміз. Жаппай қысқарту немесе жұмыссыздықтың күрт өсуі күтілмейді. Керісінше, еңбек нарығы қайта құрылып, кейбір мамандар тар салалардан цифрландырумен ұштасқан жаңа бағыттарға ауысуы мүмкін", – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бұған дейін вице-министр мемлекеттік қызметтердің онлайн форматқа көшуіне байланысты ХҚКО қызметкерлерін қысқарту мәселесіне де түсініктеме берген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі