КТК дерегіне сүйенсек, оқыс жағдай Бородулиха ауданындағы Орлов өндірістік кешенінің шахтасында болды. Кенеттен таудың бір беті опырылып, тас аралас топырақ екі жұмысшыны басып қалған. Өкінішке қарай, 31 жастағы азамат тілге келместен сол жерде қаза тапты. Ал екінші жұмысшы үйінді астында төрт сағат жатып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, бекітуші болып жұмыс істеген азаматтың миы шайқалып, көп жарақат алған. Қазір қауіпсіздік талаптарының сақталмауы бойынша тексеріс басталып, қылмыстық іс қозғалды.
"Жазатайым оқиғаның себебін және барлық жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қаза болған қызметкердің отбасына жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі. Зардап шеккен әріптесімізге де тиісті көмек көрсетіледі".Ермек Дүзкенев, KAZ Minerals корпоратив байланыстар департаментінің менеджері:
Бұған дейін Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапқанын жазғанбыз.