Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған жүргізуші анықталды

Фото: Zakon.kz
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция қызметкерлері жолда күмән тудырған Subaru Forester автокөлігін байқады.

Полиция қызметкерлерінің заңды тоқтау талабына жүргізуші бағынбай, жоғары жылдамдықпен қозғалысын жалғастырған.

Қуып жету нәтижесінде көлік тоқтатылып, жүргізуші ұсталды. Тексеру барысында көлік тізгінінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған жүргізуші көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар оның анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оның құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Автокөлік мамандандырылған айыптұраққа қойылды. Кәмелетке толмаған жасөспіріммен және оның заңды өкілімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ата-аналарға балалардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу жөніндегі заң талаптары қосымша түсіндірілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды