Қазақстанда медициналық жоғары оқу орындарындағы оқу мерзімін ұзарту ұсынылды

Фото: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық мамандарды даярлау мерзімін ұзартып, оқу бағдарламасындағы тәжірибелік дайындықты күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында педагог мәртебесі мен білім беру мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылау кезінде депутат еліміздегі медициналық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді көтерді.

Оның айтуынша, қолданыстағы жүйе бойынша студенттер 6 жыл білім алады, кейін жарты жылдық интернатурадан өтеді. Алайда бұл кезеңде олардың нақты құқықтық мәртебесі болмайды, медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алмайды және емдеу шараларына толыққанды қатыса алмайды.

Депутаттың пікірінше, мұндай жағдайда студенттер тәжірибелік тұрғыда жеткілікті дайындықтан өтпейді.

Сонымен қатар 6 жылдық оқуды аяқтаған түлектердің бірден жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ, өйткені барлығы үшін резидентурадан өту міндетті. Ал резидентура оқу мерзімі 2 жылдан 4 жылға дейін созылады, әрі мемлекеттік грант саны шектеулі болғандықтан, көп жағдайда оқу ақылы негізде жүргізіледі.

Осыған байланысты Асхат Аймағамбетов 7 жылдық оқу моделіне көшуді ұсынды.

Жаңа жүйе:

Депутаттың айтуынша, бұл өзгеріс болашақ дәрігерлердің кәсіби даярлығын күшейтіп, олардың еңбек нарығына сапалы дайындықпен шығуына мүмкіндік береді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін