ҚТЖ мамыр мерекесі қарсаңында жолаушыларға маңызды ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
30 сәуір күні "Қазақстан темір жолы" мамырдағы демалыс күндері қарсаңында жолаушыларға пойызбен сапарлау ережелерін еске салды.

Тасымалдаушы компанияның мәліметінше, мемлекеттік мерекелер, демалыс күндері мен мектеп каникулы кезінде теміржол көлігіне түсетін жүктеме дәстүрлі түрде артады.

"Бұл кезеңде жолаушылар ағыны айтарлықтай көбейеді. Сондықтан жолаушылар тасымалдау ережелеріне мұқият болғаны жөн", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты ҚТЖ пойыздарда қатаң тыйым салынған әрекеттерді тағы бір мәрте еске салды:

Билетсіз жол жүруге болмайды

Жолаушының жарамды билеті болуы міндетті. Жолсерік кез келген уақытта билетті тексеруге құқылы. Билетсіз анықталған адам жақын маңдағы станциядан түсіріледі.

Балаларды құжатсыз алып жүруге тыйым салынады

Баланың жеке басын куәландыратын құжатсыз немесе ата-аналық құқықты растайтын құжатсыз пойызға отырғызуға рұқсат берілмейді.

Артық жүкті алдын ала рәсімдемей алып жүруге болмайды

Бір жолаушыға белгіленген 35 келіден асатын жүк үшін алдын ала төлем жасалып, арнайы құжат рәсімделуі тиіс.

Жануарларды тиісті құжатсыз тасымалдауға болмайды

Ветеринарлық құжаттары жоқ жануарлармен пойызға мінуге рұқсат етілмейді.

Пойыз ішінде темекі шегуге қатаң тыйым салынады

Бұл талап кәдімгі темекіге де, электронды темекіге де қатысты.

Стоп-кранды себепсіз пайдалануға болмайды

Мұндай әрекет пойыз қозғалысының кестесін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Тыйым салынған заттарды алып жүруге болмайды

Есірткі, жарылғыш заттар және өткір қауіпті заттарды тасымалдауға қатаң тыйым салынған. Мұндай жағдай анықталса, жолаушы құқық қорғау органдарына тапсырылады.

Жанжал шығарып, агрессия көрсетуге болмайды

Физикалық не психологиялық қысым, балағат сөздер мен қорқыту әрекеттері үшін жолаушы пойыздан түсірілуі мүмкін.

Қозғалыстағы пойыздан түсуге қатаң тыйым салынады

Бұл өмірге аса қауіпті. Пойыздан тек станцияларда және арнайы есіктер арқылы ғана шығуға болады.

Вагонды ластауға немесе мүлікті бүлдіруге болмайды

Вандализм мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ мүлкіне зиян келтіру жолаушыны бағыттан шығарып тастауға негіз болады.

Егер жолаушыларда ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы қызмет көрсету сапасы немесе ұсынылатын сервистерге қатысты сұрақтар туындаса, олар кері байланыс үшін мына байланыс арналары арқылы хабарласа алады:

Сондай-ақ бұған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мамыр мерекелері кезіндегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді