Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 30 сәуірінде Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі берді.

Кездесуде қазақы ит тұқымдарын сақтау және тұрақты генетикалық қорын қалыптастыру ісінде халықаралық федерациямен ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тазысын алдын ала тануға оң септігін тигізгені үшін Тамаш Яккельге алғыс айтты. Бұл шешім 2024 жылы Амстердамда өткен Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас комитетінің отырысында қабылданған еді.

Мемлекет басшысының айтуынша, тазы және төбет тұқымдарын сақтау тек кинология тұрғысынан емес, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыс салтымен тығыз байланысты тарихи-мәдени құндылық ретінде айрықша маңызға ие. Ит – қазақ халқының дүниетанымында жеті қазынаның бірі саналады.

Жүйелі жұмыс нәтижесінде бүгінде Қазақстан кинологтар одағының Бірыңғай асыл тұқымды иттер кітабында 4 мыңға жуық тазы тіркелген. Тиісті заңнамалық актілер қабылданды.

Бұдан бөлек, көп ұзамай Жетісу облысында сұрыптау жұмыстарымен айналысатын және ит асыраушыларға ғылыми-кинологиялық қолдау көрсететін Ұлттық орталық ашылмақ.

Халқымыздың асыл қазынасын дәріптеу мақсатында биылдан бастап 3 қыркүйекте Қазақы тазы мен төбет күні аталып өтеді.

Өз кезегінде Тамаш Яккель қазақы ит тұқымдарын сақтауға айрықша қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Президентке әлемнің 100 елін біріктіретін FCI қызметі туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі кинология саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі