Тоқаев өзіне сыйға тартылған тұлпарлардың бабын көріп қайтты

Сурет: Instagram/tokayev_online
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамыр мерекесінде Іс басқармасының атқорасына барып, әр жылдары өзіне сыйға тартылған жылқылардың күтім жағдайын көзбен көріп қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент бір жыл бұрын Ақалтеке тұқымынан туған қылаң боз тайды Ақжан деп атап атаған еді. 

Шоқтығы биік, қаз мойын, қамыс құлақ, денесі сылыңғыр, көзі тау суындай тұп-тұнық, жүрісі паң, өте есті жануар екені бүкіл болмыс-бітімінен байқалып тұрады.

Сурет: Instagram/tokayev_online

Президент атқораға жиі барып, жылқыларға өз қолымен жем беріп тұрады. Олардың қатарында жақында Қатар елінен сыйға келген арабы арғымақтар да бар.

Ақалтеке тұқымына жататын арғымақтардың қатарына бірнеше ай бұрын құла түстес құлын да қосылды. Мемлекет басшысы оған Ақниет деп ат қойды. Аттың сынын жақсы білетін мамандар келешекте халықаралық жарыстарда топ жаратын тұлпар болады деп бағалап отыр.

Бұған дейін Тоқаев отандастарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді