Су басқан Алматы әуежайы жауапқа тартылды

Фото: akorda.kz
️Алматы халықаралық әуежайының терминалын су басуына байланысты шаралар қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терминал шатырының су басу фактісіне байланысты шұғыл кеңес өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Азаматтық авиация комитеті әуежайды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Әуежай басшысы техникалық мәселелерге жетекшілік ететін аға вице-президент Мехмет Гюзельге тәртіптік жаза қолданылғанын хабарлады",- деп атап өтті ведомство.

Сондай-ақ, әуежай жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар күшейтіліп, барлық қажетті жұмыстар жедел режимде жүргізілуде.


"Жұмыстарды аяқтау және су басу себептерін толық жою 6 ай ішінде жоспарланып отыр",- делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2026 жылғы 3 мамырда толассыз жауған жаңбырдан Алматы әуежайының жаңа терминалын су басқан болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі