Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың қарызы 37 млрд теңгеден асты

Фото: Zakon.kz
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов 2026 жылғы 5 мамырда Үкімет отырысында энергия өндіруші ұйымдардың отын бойынша қарызы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ол бұл мәселені маңызды әрі өзекті деп атап өтті.

"Энергия өндіруші ұйымдардың "QazaqGaz Aimaq" АҚ алдындағы берешегі 37,7 млрд теңгені құрайды", – деді Есімханов.

Вице-министрдің айтуынша, электр энергиясын өндірудің ең жоғары көрсеткіші 2025 жылдың желтоқсан айында тіркеліп, 17 273 МВт-ты құраған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 7%-ға жоғары.

Сонымен қатар жылу желілеріндегі температуралық кестені сақтамау жағдайлары үш есеге азайған.

Бұған дейін Есімханов жаңа жылыту маусымынан өту үшін қажет көмір көлемі туралы да айтқан болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған