Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденовке "Халық қаһарманы" атағы берілді

Фото: akorda.kz
2026 жылдың 6 мамырында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері Кенжебай Мәденовті қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Ұлы Отан соғысына қатысушы Кенжебай Мәденұлы Мәденовке (марқұм) "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды, – деп жазылған құжатта.

Кенжебай Мәденұлы Мәденов

1925 жылы 19 ақпанда Батыс Қазақтан облысы Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылдық округі Ақтай-сай ауылында туған.

1950-1974 жылдар аралығында Батыс Қазақстан және Гурьев облыстарындағы ҚазКСР МҚК органдарында қызмет атқарған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері. 1974 жылы 26 желтоқсанда дүниеден өткен.

К.М. Мәденов 1944 жылы 19 жасында 266-атқыштар дивизиясы 1008-полкі 2-батальоны 5-ротасының взвод командирі болып тағайындалған.

1945 жылы 29 сәуірде К.М. Мәденов Берлин шайқасында қаһармандықтың үлгісін көрсетті. Атап айтқанда, Берлин операциясы кезінде қаланың Рейхстагтан кейінгі маңызды әкімшілік орталығы – Ратуша ғимаратының төбесіне Қызыл Туды орнату К.М. Мәденов басқарған взводқа тапсырылып, ол бұйрықты ерлікпен орындайды. Бұл Кеңес әскеріне рух беріп, шабуылдың қарқынды жалғасуына ықпал етеді.

К.М. Мәденов бастаған жауынгерлердің осы ерлігі Кеңес Одағының маршалы Г.К. Жуковтың "Естеліктер мен толғаныстар", 5-екпінді армияның Әскери кеңесінің мүшесі, генерал-лейтенант Ф.Е. Боковтың "Жеңіс көктемі", 1948 жылы КСРО Қарулы Күштері министрлігінің баспасы шығарған "Берлинді алу" (Штурм Берлина) кітаптарында суреттелген.

"Қазақстан коммунисі" журналының 1970 жылы 6 маусымдағы нөмірінде Ратуша үшін болған шайқас жайында К.М. Мәденовтің өзі де жазған.

Оның есімі мектеп оқушыларына арналған 1985, 1993 және 2004 жылдары жарық көрген "Қазақстан тарихы" оқулықтарына енді. Сондай-ақ К.М. Мәденовтің ерлігін Клаус Похе және Ганс Олива атты германиялық журналистер "Соғыс аяқталған түн" деген еңбектеріне арқау еткен.

Батырдың құрметіне 2001 жылдың желтоқсанында Атырау облысы бойынша ҰҚКД ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды.

Ал 2005 жылы Атырау қаласында Кенжебай Мәденовтің атына көше берілді.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды

Ақтөбеде газ құю бекетінде көлік өртеніп, үш адам тірідей жанып кетті

Дәрігерлер Қазақстандағы онкологиялық аурулар бойынша алаңдатарлық статистиканы жариялады