Мүгедектікке қатысты 100-ден астам жалған құжат жасалғаны анықталды

Фото: Zakon.kz
Мүгедектікті тағайындау кезінде медициналық құжаттарды қолдан жасаудың 167 дерегі тіркелді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Тексеру нәтижесінде, кей дәрігерлердің әртүрлі науқастарға бірдей мазмұндағы құжаттарды көшіріп пайдаланғаны анықталды.

Кей жағдайларда тек науқастың аты-жөні мен тексеру күні өзгертіліп, қалған мәліметтер сол күйі қалдырылған. Қазірдің өзінде 73 адамға қатысты қайта тексеру жүргізілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Күмәнді жағдайлар бойынша төлемдер уақытша тоқтатылып, заңбұзушылық расталса, мүгедектік туралы шешімдер қайта қаралады.

"Медициналық құжаттарды қолдан жасау белгілері бар 167 факт анықталды. Олар Түркістан, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жетісу, Қызылорда облыстары, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген. Барлық материалдар тиісті процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады." Мирас Ғабдолхайұлы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитет төрағасының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады