Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз ауа райы республикамыздың шығысында, оңтүстік-шығысында ғана сақталады.
"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның барлық дерлік аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік-батысында нөсер жаңбыр, дауыл болады, бұршақ түседі деп болжануда... Республика бойынша сипат алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы күтіледі, солтүстікте, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Синоптиктердің мәліметінше:
- Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Ұлытау, Абай облыстарында, Түркістан өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі;
- Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай ақ синоптиктер Қазақстанның үш ірі мегаполисі бойынша Отан қорғаушылар күніне арналған ауа райы болжамы ұсынды:
- Астанада: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +11...+13°C, күндіз: +25...+27°C.
- Алматыда: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C, күндіз: +28...+30°C.
- Шымкентте: күн райы жауын-шашынсыз, аспан бұлтты. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C, күндіз: +32...+34°C.
Бұған дейін синоптиктер Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай мерекелік демалыс күндерінде Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарын жариялаған болатын.