Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты бір көше уақытша жабылады

Фото: Zakon.kz
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Осыған байланысты 9 мамыр сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Саин көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" қосымшаларында жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылы 12-15 мамыр аралығында Алматының төрт ауданында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізілетінін хабарлаған едік.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

"Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізген Елеусіз Бұйриннің туғанына 150 жыл толды