Түркістан облысында зейнатақысын алуға барған кейуана ақшасы мен әшекейлерін жоғалтып алды

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы Ордабасы ауданында 81 жастағы әжей ішінде 150 мың теңгеге жуық ақшасы мен құны шамамен 1,5 млн теңгенің алтын әшекейлері болған әмиянын жоғалтып алып, полициядан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, зейнетақысын терминалдан шешіп алған қарт ана ақшасын әмиянына салып, көше бойындағы орындықта біраз тынығып отырған. Кейін базарға азық-түлік алуға барған кезде әмиянының жоғын байқайды. Мұндай жағдайда ең алдымен полицияға жүгінген әжей Ордабасы аудандық полиция бөліміне хабарласқан.

Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторы Жандос Сапаралы мән-жайды мұқият анықтап, бірден бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеруге кіріскен.

Нәтижесінде көше бойындағы орындық маңында әмиянның түсіп қалғаны және оны белгісіз ер адамның алып кеткені анықталды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде учаскелік инспектор күдіктінің жеке басын анықтап, оны көршілес ауданнан тауып, әжеймен жолықтырды.

Осылайша полиция қызметкерінің жедел әрекетінің арқасында қарт ананың ақшасы мен алтын бұйымдары толықтай қайтарылды. Аталған оқиға полиция қызметкерінің бейнежетонына тіркелген.

Риза болған әжей тәртіп сақшысына аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, учаскелік полиция инспекторы бұған дейін де базар аумағында жоғалған ақша мен құнды заттарды тауып, тұрғындарға бірнеше рет көмектескен.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі