Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Тілендиев даңғылындағы жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары Қарталы көшесінен Баршын көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі.
"Осыған байланысты 8-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады, – деп ескертті қала билігі.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге кеңес берді.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Бұл өзгерістерге түсіністікпен қарап, қала ішінде қозғалысты жоспарлау кезінде алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз", – делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламасында.