Тобылда қабір басына егілген көшеттер ұрланып жатыр

Фото: Zakon.kz
Тобыл қаласындағы зиратта вандалдар марқұмдардың қабіріне отырғызылған көшеттерді қазып әкетіп жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, марқұмдардың рухын дәл осылай қорлау деректері алғаш рет болып отырған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tobolinfo басылымының жазуынша, Тобыл зиратындағы бұл сорақы жағдайға Қостанай ауданының тұрғыны Айгүл Шарапова тап болған.

Белгісіз адамдар оның анасының қабіріне екі жыл бұрын естелік ретінде отырғызылған шыршаны қазып алып кеткен.

"Анам бау-бақшаны, өсімдіктерді ерекше жақсы көретін. Алайда жуырда қабір басына еккен ағаштың жоғалып кеткенін байқадық. Ең қынжылтатыны – мұндай жағдай жалғыз бізде емес екен. Зират аумағында ескерткіш орнатумен айналысатын жұмысшыларға жүгінгенімізде, қабірлерден егілген өсімдіктердің жоғалып кетуі жиі болатынын айтты. Сонда зираттағы тәртіп пен қауіпсіздікке кім жауап береді? Мұндай жағдайда қайда жүгіну керек?" – дейді Айгүл Шарапова.

Бұл жағдайға Қостанай ауданының ТКШ бөлімі түсініктеме берді. Ведомство басшысы Денис Петрухноның айтуынша, Тобыл зиратына қызмет көрсетумен "Горизонт-2012" ЖШС айналысады.

Компания өкілі Ринат Зинатовтың сөзінше, шамамен 4-5 жыл бұрын зираттағы орталық қоршаудың ұрланған жағдайы болған. Кейін полиция ұрланған дүниені металл қабылдау орындарынан тапқан.

"Ал ағаштардың ұрлануы туралы шынымды айтсам, алғаш рет естіп тұрмын. Біз негізінен зиратты күтіп ұстаумен айналысамыз: қоқыс тазалаймыз, шығарамыз, жолдарды тегістейміз, қар тазалаймыз. Ал күзет қызметі біздің міндетімізге кірмейді, тендерде де қарастырылмаған. Біз тек күн сайын аумақты сырттай бақылап шығамыз, бірақ зират аумағы өте үлкен болғандықтан, бәрін толық қамту мүмкін емес. Осындай жағдайлар болса, бізге, Ikomek қызметіне немесе полицияға хабарласу қажет. Мұндай әрекеттердің жолын кесу керек", – деді Ринат Зинатов.

Бұған дейін ШҚО-да жұмысшы биіктен құлап, мерт болғанын жазғанбыз.

Қостанай
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі