Қазақстандықтарға қандай бақбақты жұлуға тыйым салынғаны түсіндірілді

Сурет: Zakon.kz/Оксана Даирова
2026 жылғы 12 мамырда Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев қазақстандықтарға қандай гүлдерді жұлуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тыйым Қызыл кітапқа енген бақбақ түрлеріне қатысты.

"Қалған бақбақ түрлері Қызыл кітапқа енгізілмеген. Ал Қызыл кітапқа енген барлық өсімдіктерді жұлғаны үшін 3000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұлар – жойылып кету қаупі бар сирек өсімдіктер. Сондықтан мұндай қатаң жаза белгіленген. Бұл айыппұл 2019 жылы депутаттардың бастамасымен он есе ұлғайтылды. Қазір оның мөлшері 3000 АЕК-ті құрайды. Бұл сирек кездесетін өсімдіктерді қорғау мақсатында қабылданған шара", – деді вице-министр.

Оның сөзінше, сирек кездесетін бақбақ түрлері еліміздің оңтүстік өңірлерінде жиі ұшырасады.

Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда қызғалдақ пен бәйшешекті жұлғаны үшін қатаң жаза қарастырылғанын айтқан болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Алматыда жаңа базар ашылады

Қазақстанда скринингтен қашан және қалай өтуге болады

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев