Астанадағы LRT жобасының түпкілікті құны жарияланды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 12 мамырда City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астанадағы LRT жобасының жалпы құны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жобаның құны 2016 жылы бекітілген және 1,8 млрд АҚШ долларын құрайды.

"Бүгінгі күнге дейін жобаның жалпы құны өзгерген жоқ. Сонымен қатар техникалық сипаттамалары жетілдіріліп, пойыздардың моделі мен дизайны жаңартылды. Сондай-ақ LRT желісі бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілді", – деді Асылбек Дүйсебаев.

Оның сөзінше, LRT жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету үшін 1000-нан астам маман жұмылдырылады. Оның ішінде 300-і шетелдік маман болады.

Сондай-ақ журналистер LRT желісін Қосшыға және қаланың оң жағалауына дейін ұзарту құны туралы сұрады.

Бұл жөнінде басқарма төрағасы жақын арада мемлекеттік сараптама қорытындысы жарияланып, жобаның нақты құны белгілі болатынын айтты.

"Жақын уақытта мемлекеттік сараптаманың қорытындысы шығады. Сол кезде жобаның түпкілікті құны нақтыланады. Бірақ оның бағасы 15 жыл бұрын есептелген жобалық құннан қымбат болмайды деп ойлаймын", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін LRT желісінің Қосшыға дейін қашан ұзартылатыны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Алматы жасөспірімдері қандай кітап оқиды – сұхбат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы – толық мәтін