LRT бағыты "Хан Шатыр" арқылы ескі вокзалға дейін өтеді

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 12 мамырда City Transportation Systems басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев Астанадағы LRT желісінің оң жағалауға дейінгі жаңа бағыты туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, LRT желісін кеңейту жұмыстары шамамен 3 жылға дейін созылуы мүмкін, алайда нақты мерзім қаржыландыруға байланысты болады.

Қазіргі уақытта жобаның геологиялық және инженерлік зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

"Алдағы күндері мұны көресіздер: жерде зерттеу жүргізетін мұнаралар орнатылады. Зерттеу нәтижелері алынған соң ескі вокзалға дейінгі құрылыс жұмыстарына бірден кірісеміз", – деді Асылбек Дүйсебаев.

Жоспарға сәйкес, LRT мына бағытпен өтеді: Сығанақ көшесі – "Хан Шатыр" маңы (Тұран даңғылы) – Кенесары көшесі – Мұңайтпасов атындағы стадион – Жеңіс даңғылы – ескі вокзал.

Оның айтуынша, барлық LRT желісі эстакада түрінде салынады. Бұған дейін жоба жерүсті нұсқада қарастырылғанымен, қала аумағының тығыз салынуына байланысты бұл нұсқа көлік қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін деп танылған.

Сондықтан жоба толықтай эстакада форматында жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұған дейін LRT желісін Қосшы бағытына дейін ұзарту мерзіміне қатысты да ақпарат берілген болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Зеленский Ресей-Украина қақтығысын тоқтатудың басты себебін атады

Стелла Суханова Азиада-2026 ойындарындағы екінші қола медалін жеңіп алды

"Тоғызқұмалақ" ойынының атауын өзгерту керек: Федерация президенті ресми мәлімдеме жасады