Мұндай шешімді Мәскеудің Никулин аудандық соты Руслан Гоминовқа қатысты шығарғанын ТАСС агенттігі Мосгорсоттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Сот Гоминов Р.В.-ны РФ ӘҚБтК-нің 6.13-бабы 1-бөлігі (есірткі заттары туралы ақпаратты қамтитын әдебиет және өнер туындыларын тарату) бойынша кінәлі деп танып, оған 70 мың рубль (шамамен 436 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салды", – делінген хабарламада.
Лингвистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, ән мәтіндерінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін есірткі заттарына оң баға берілген. Сондай-ақ сарапшылар әндердегі бейәдеп сөздердің қоғамдық мораль мен адам қадір-қасиетін қорлайтынын атап өткен.
Бұған дейін, наурыз айының соңында Мәскеудегі Таган аудандық соты да Гоминовқа айыппұл салған еді. Ол кезде әртіске қоғамдық моральды құрметтемеу белгілері байқалған ән мәтіні үшін 95 мың рубль көлемінде айыппұл тағайындалған.