Қазақстанның бірнеше әуе рейсінде жолаушылар шу шығарды

Сурет: Көліктегі полиция департаменті
Астана әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері әуе кемелерінің бортында және жолаушыларды отырғызу аймағында қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, Алматы – Астана бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін әуе компаниясының өкілдері көлік полицейлеріне деструктивті жолаушыны тапсырған. Тексеру барысында 37 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Ол ұшу кезінде алкогольдік масаң күйде болып, өз бетінше басқа жолаушылардың орындарына ауысып отырған, әуе көлігіндегі тәртіп қағидаларын бұзып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Құқық бұзушы полицияның кезекші бөліміне жеткізіліп, қоғамдық орында мас күйінде жүргені және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ер адам 3 тәулікке қамауға алынды.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай Астана – Шымкент бағытындағы рейске отырғызу кезінде тіркелді. Бұл жолы 35 жастағы Шымкент тұрғыны алкогольдік масаң күйде әуе компаниясы қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Сондай-ақ басқа жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ер адам қоғамдық орында мас күйінде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке қамалды.

Айта кетейік, екі азамат та бұған дейін бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін