1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімдері бекітілді: өңірлер бойынша кесте жарияланды

Фото: Zakon.kz
Білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлескен бұйрығында айтылды.

Құжатқа сәйкес, "Білім беру ұйымдарына ведомстволық бағыныстылығына қарамастан құжат қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жоба 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында 1-сыныпқа құжат қабылдау және оқуға қабылдау бөлігінде іске қосылады.

Бұйрықта сондай-ақ пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі мен 1-сыныпқа құжат қабылдаудың өңірлер бойынша нақты кестесі бекітілген.

Ережеге сәйкес, мектепке дейінгі даярлық бағдарламасын меңгеріп, сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруды қалайтын балалар ата-анасының өтініші негізінде автоматты түрде 1-сыныпқа қабылданады.

Ал басқа мектепті таңдаған ата-аналар құжаттарды жалпы тәртіппен тапсырады.

Электронды жүйеде өтініштер саны шектен асқан жағдайда, жаңа өтініш берушілер автоматты түрде "күту бөлмесіне" жіберіледі. Онда азаматтар өз кезегін бақылай алады. Кезегі келген соң жүйе оларды өтініш рәсімдеу бетіне қайта бағыттайды.

Сонымен қатар, берілген өтінішті электронды түрде кері қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Өңірлер бойынша құжат қабылдау мерзімі:

27 мамыр – 31 тамыз:

10 маусым – 31 тамыз:

18 маусым – 31 тамыз:

29 маусым – 31 тамыз:

Бірлескен бұйрық 2026 жылғы 26 мамырдан бастап күшіне еніп, 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды