Іске қосылған LRT көлігін қанша жолаушы сынап көргені белгілі болды

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада ашылу рәсімінен бері жеңіл рельсті көлікті (LRT) қанша адам сынап көргені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS Басқармасының төрағасы Асылбек Дүйсебаевтың айтуынша, LRT іске қосылғалы жолаушылар ағыны 180 мың адамға жеткен.

"Кеше 100 мың жолаушы LRT-мен жүріп өткен. Бұл жобалық өткізу мүмкіндігінен жоғары. Қазір жолаушылар ағыны екі есеге азайды. Сондай-ақ өздеріңізден қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз, өйткені LRT жүйесі толық автоматтандырылған және жүргізушісіз жүретіні белгілі. Қажеттілік болмаса платформа мен вагондардағы апатты тежегішті баспауды, құрама есіктерін өз беттеріңізбен күштеп жаппауды және олардың жабылуына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Өйткені мұндай әрекеттер пойыздардың тоқтауына әкелуі мүмкін", — деді Асылбек Дүйсебаев.

Оның айтуынша, бүгін ешқандай ереже бұзушылық байқалмаған, қозғалыс қалыпты режимде жүруде. 

Бұған дейін президент Astana LRT жұмысын іске қосқаны хабарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысына Астанадағы LRT жүйесімен қатынау үшін 001 сериялы карта берілді.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін