Көлік министрлігі Қазақстандағы аэротакси бағасына қатысты күмәнге жауап берді

Сурет: Joby Aviation
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2026 жылғы 19 мамырда Үкіметтегі брифингте аэротаксиді іске қосу жоспарлары туралы бірқатар мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, аэротакси – әлем үшін жаңа өнім, ал оны Қазақстанда іске қосу әзірге сынақ режимінде жүзеге асырылып жатыр.


"Сыйымдылығы 2-ден 4 жолаушыға дейін. Қазіргі таңда нақты құнын ешкім есептеп айта алмайды. Алдымен сынақ кезеңі өтеді, содан кейін көреміз. Қазір қону алаңдары салынып жатыр, аппараттар сатып алынуда. Біз нормативтік-құқықтық актілерді Парламентке енгіздік. Парламент қолдау білдіреді деп сенеміз. Жақын уақытта барлық қажетті құжаттарды аламыз", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Сондай-ақ ол қызмет құнының жоғары болуына байланысты аэротаксиге сұраныс болмауы мүмкін деген пікірге де жауап берді.

"Кез келген жаңашылдық бір нәрседен басталады. Бұрын көптеген қызмет түрлері жаппай қолданысқа енбегендіктен көпшілікке қолжетімсіз болды. Уақыт өте келе бұл көлік түрі дамып, халық үшін қолжетімді бола түседі деп ойлаймын", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 11 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Талдықорғанда студентті мектеп оқушысы пышақтап өлтірді

Қазақстандық полицей зейнетке шыққан қызметтік итті өз панасына алды

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы төлемдерін алуға құқылы – Конституциялық сот

Қазақстанда тарихи-мәдени нысандар цифрлық форматқа көшіріледі