Тоқаев Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмені тамашалады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына арналған тақырыптық көрмемен танысты. Экспозицияда археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылған.

Президентке Алтын Орда дәуіріне қатысты бірегей деректерді қамтитын интерактивті жобалар таныстырылды.

Сурет: akorda.kz

Көрме аясында 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта көрсетілді. Оның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама беріліп, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация ұсынылды.

Сурет: akorda.kz

Экспозициядағы маңызды жәдігерлердің бірі – билеушілер мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық деректерді қамтитын Хандар шежіресі қолжазбасы.

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ көрмеде Каталон атласы, тарихи жазба деректер, теңгелер мен тұрмыстық бұйымдар қойылған.

Сурет: akorda.kz

Жазба мұралар қатарында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат және 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған.

Сурет: akorda.kz

Көрменің басты мақсаты – Алтын Орда мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы