Автордың айтуынша, 1963 жылы қуатты сел табиғи бөгетті бұзып, көлді іс жүзінде жойып жіберген. Апатты су тасқыны аңғар бойымен төмен қарай ағып, Есік қаласына да жеткен.
Бүгінде көл қайта қалпына келгенімен, бұл жердің тарихы табиғаттың қаншалықты қуатты екенін әлі күнге дейін еске салып тұрады.
Қазір бұл орын туристерді тыныштығымен, көгілдір түсті мөлдір суымен және нағыз тау ертегісіндей атмосферасымен өзіне тартады.
"Бұл жерде табиғаттың күші ерекше сезіледі – бір жағынан әсем, екінші жағынан тосын әрі қауіпті", – делінген суреттердің сипаттамасында.
Желі қолданушылары да жазба астында әсерлерімен бөліскен.
- Ғажап!
- Шынымен, барып көрген жандар таңданбай қайтпайтындығы анық!
- Құдырет, неткен әсемдік десеңші!
- Еліміздің табиғаты сөзсіз сұлу әрі тылсым)
Есік көлі – Қазақстандағы ең танымал тау көлдерінің бірі. Ол Алматыдан шамамен 70 шақырым жерде, Іле Алатауы шатқалында, теңіз деңгейінен шамамен 1750 метр биіктікте орналасқан. Көл көгілдір суымен, қылқан жапырақты ормандарымен және айналасындағы көркем тауларымен әйгілі.
Есік көлі туралы қызықты деректер:
- Көл табиғи жолмен пайда болған. Мыңдаған жыл бұрын алып тау жыныстары шатқалды жауып, табиғи бөгет қалыптастырған.
- Көл суы жаз мезгілінде де өте салқын болады, себебі ол тау өзендері мен мұздықтардың еріген суымен толығады.
- Көл маңында әйгілі "Алтын адам" табылған Есік қаласы орналасқан. Сақ жауынгерінің жәдігерлері Есік қорғанынан табылған.
Бұған дейін қазақстандық сирек кездесетін қызғылт қоқиқаздардың биіктіктен түсірілген видеосын жариялағанын жазғанбыз.