Атырау қаласында желідегі жазбасы үшін полиция қызметкерінің басы дауға ілікті

Фото: polisia.kz
Атырауда полиция қызметкері әлеуметтік желідегі әрекеттеріне байланысты даудың ортасында қалды. Ақпаратты өңірдегі ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеруге "Криминальный Казахстан" Telegram-арнасында жарияланған жазбалар себеп болған. Арна авторлары полиция қызметкерінің жеке парақшасындағы күмәнді контентке назар аударған. Белгілі болғандай, қызметкер қызметтік тінту және басқа да тергеу жұмыстары кезінде түсірілген фото-видеоларды ашық түрде әлеуметтік желіге жариялаған. Сонымен қатар ол қарапайым азаматтарға қатысты балағат сөздер айтып, қорлайтын пікірлер жазған.

Хабарламада жергілікті тұрғындардың бірі мұндай әрекет полиция қызметкеріне мүлде жараспайтынын және ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіретінін айтқаны көрсетілген.

Оқиғадан кейін Атырау облысы ПД бірден қызметтік тексеру бастаған.

Тексеру қорытындысы бойынша полиция қызметкерінің қызметтік тәртіп пен әдеп нормаларын өрескел бұзғаны толық расталды.

"Қызметтік тексеру нәтижесінде полиция қызметкерінің тәртіп талаптарын бұзғаны анықталды. Осыған байланысты оған тәртіптік жаза қолданылды. Қазіргі уақытта қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі 2026 жылғы 19 мамырда Zakon.kz тілшісіне.

Бұған дейін Оралда жас полицей қыз зорлады деген күдікке ілінгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа ережелерге сай мектеп бітіру кештері: Қазақстан мектептеріне қандай тыйымдар енгізілді

Концерт кейінгі шегерілді: Қыдырәлі Болманов аяқ-асты ауруханаға түсіп қалды

Жетісу облысында құмар ойынға әуес шенеунік қызметінен қуылды

Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды