Түркістан облысында жол жиегін ластаған тұрғындар жауапқа тартылды

Фото: unsplash
Түркістан облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында полицейлер елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылауды жалғастыруда.

Бір тәулік ішінде ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты екі құқық бұзушылық анықталды. Ордабасы ауданындағы ауылдардың бірінде тұрғын үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған азамат көше бойына шамамен 8 тонна тас үйіп қойған.

Ал тағы бір тұрғын 5 тоннадан астам майда тасты жол жиегіне төгіп, жол қозғалысына кедергі келтірген. Аталған деректер бойынша полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтап, оларға қатысты заң талаптарына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдады.

Тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау және азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды